• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:47:48
Алматы
+12°

18 Мамыр, 2020 NEWS

Дебат: Рахат Әлиев елді бүлдіріп жатқанда, біз митингіге шыққанбыз

"Сен" партиясын құрған медиатренер Ахметбек Нұрсила 2001-2002 жылдары Рахат Әлиевтің былықтары парламентте президентке айтылғанда депутаттар журналистерге сұхбат бере алмай кабинеттеріне тығылып қалғанын айтты.

YouTube

Бүгін кешкі сағат 20:00-де YouTube әлеуметтік желісінде тікелей эфирде "Сен" партиясын құрушы медиатренер Ахметбек Нұрсила мен Италиядағы оппозиционер Ержан Тұрғымбай арасында саяси дебат өтті. Бұл туралы Қамшы тілшісі хабарлайды.

Эмоцияға толы өткен дебаттың жалпы барысында Ержан Тұрғымбай "сендер саяси ойыншысыңдар" деген ойына табанды болса, Ахметбек Нұрсила "Шетелде жатып, халықты арандатпай, елге келіп халықпен бірге күресіңдер" деген көзқарасын көрсетті. 

Саяси дебат кезінда Ержан Тұрғымбай 2017 жылдан бері саясатқа келгенін, саяси тартыста 2 жылдай тәжірибесі бар екенін айтып , Ахметбек Нұрсиладан саясаттан қаншалық білімі барлығы туралы, биліктің тармақтары туралы негіз сұрақтарды қамтыған бірнеше сауал қойды.

Ал Ахметбек "2001-2002 жылдарда  Рахат Әлиев елді бүлдіріп жатқанда, митингіге шығып, мінберде сөйлеген біз болатынбыз. Менің досым Төлен Тоқтасынов президентке күйеу балаң елді тонап жатыр дегенде, депутаттар журналистерге интервью бере алмай кабинеттеріне тығылып қалған" деп сол кезде қамалған достары Ғалымжан Жақиянов пен Лукин Александрға пикет ұйымдастырғанын айтты.

Дайындап келген сұрақтарын Нұрсилаға бір-бірлеп қойған Ержан Тұрғымбай жаңа партия құрған кәсіпкердің экономикалық, саяси қабілеттеріне ғана емес, халық үшін қызмет көрсететініне күмән келтіретінін жеткізді. 

Бір жарым сағатқа жуық жалғасқан эмоцияға толы сөзжарыстың соңында Ахметбек Нұрсила дебатты аяқтауға мәжбүр болғанын айтып, эфирден кетіп қалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір