• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:54:21
Алматы
+35°
Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жауынның көп жаууы салдарынан болған сел тасқынынан Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. 1077 м3 су шығарылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралаған облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев тек 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауғанын, бұл соңғы жылдары алғаш рет орын алған табиғи құбылыс екенін айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңындағы жиында су басу бойынша деректермен бөлісті.

Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, Төлеби ауданындағы Қасқасу өзенінде су деңгейінің көтерілуінен 4 үй, 376 аула аумағын су басты. Жергілікті маңызы бар төрт көпірді су шайып кетті. 8 бас ірі қара және ұсақ мал шығыны болды. Аудан орталығы Ленгір қаласындағы 20 аула су астында қалды.

Тасқыннан зардап шеккен Сұлтан рабат ауылының 150 тұрғынына №5 кәсіби техникалық колледж базасында эвакуациялық пункт ұйымдастырылды. Ол жерге 70 адам жайғастырылды. Оның 32-сі бала. Тағы 80 адам жақын маңдағы туыстарының үйіне орналасты. Қосымша Көксәйек елдімекенінде орналасқан №9 көпсалалы колледжінде 150 адамға арналған эвакуациялық пункт дайындалды.

Қазығұрт ауданында 6 үй ауласы мен Қаржан ауылындағы "Семби" емханасының аумағын су басты. С. Рахымов ауылдық округінің тұрындарын эвакуациялауға Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды. Көкібел ауылынан 133 адам эвакуацияланды. Оның 45-і балалар. Барлық эвакуацияланған тұрғындар туыстарының үйлеріне жайғастырылды. Қазіргі таңда су басқан аймақтардағы арықтарды тазалау жұмыстарды жүргізілуде.

Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты каналынан тасыған су салдарынан 3 елдімекендегі 13 үй ауласын су басты. Су деңгейі 20 см-ге дейін көтерілген. Төтенше жадай қызметкерлерінің көмегімен Тұрақты ауылынан 55 адам Ақбастау ауылындағы Ш.Уәлиханов орта мектебіндегі эвакуациялық пунктте орналастырылды. Оның ішінде 18-і жас бала.

Түркістан облысының ТЖД жанынан департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінен құралған жедел штаб құрылды. Су тасқыны зардабын жоюа 612 маман мен 84 техника 47 мотопомп жұмылдырылды.

Төтенше жағдай жарияланған Төлеби ауылындағы Қасқасу елді мекенінде орналасқан 2 көпірді толық су шайып кеткен, 1 көпірге зақым келген. Жергілікті маңызы бар тағы бір көпірді су шайған. 4 көпірді толық ретке келтіру жұмыстары тынымсыз жүргізілуде. Нәтижесінде, екі өткел толық ретке келтіріліп, ауылдардың байланысы ашылды.

4 көпірдің екеуі бір күнде қалпына келтірілді. Тағы бірі реттеліп, жаяу жүргіншілер үшін ашылды. Ертеңге дейін аяктап, көлік жүру үшін ашылады. Бұл жұмысқа 20 техника және 21 жұмысшы жұмылдырылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сел тасқыны нөсер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір