14 Мамыр, 2020 NEWS
Getty Images
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ыннан 12 күннен бері хабар жоқ. Бұл туралы шетел басылымдары жаңа болжамдар жасай бастады.
The New York Post-тың ақпаратынша, 1 мамыр күні халық алдында шыққан адам Ким Чен Ын емес болуы мүмкін деген болжамдар күшеюде.
Тіпті АҚШ Ақ үй қауіпсіздік қызметінің кеңесшісі Роберт О'Брайен де ол суреттердің рас-өтірігіне кесім жасай алмайтынын мәлімдеген.
– Біз оны гермиттік патшалық деп атаймыз. Солтүстік Кореядан ақпарат алу өте қиын. Олар оның тірі және сау екенін көрсететін суретті жариялады, біз солай деп болжаймыз, – деді О'Брайен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір