• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:26:31
Алматы
+12°

Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 16 жүк көлігімен 180 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп ҚазАқпарат хабарлады. 

Гуманитарлық көмекті Алматы өзбек этномәдени бірлестігі, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени бірлестігінің филиалы, Алматы қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігі, Дүнген қоғамының Алматыдағы филиалы, сондай-ақ «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі және басқа да орталықтар ұйымдастырды.

Жасақталған керуен жолға шығар алдында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев ақжол тілеп, қайырымдылық көмекке атсалысқан этнос өкілдеріне алғыс білдірді.

– Шымкент қаласындағы Достық үйінің базасында республикалық Ассамблеяның көмек көрсету штабы жұмыс істейді. Еліміздің барлық өңірлері Ассамблеяның үндеуіне құлақ асып, экономикалық қиындықтар мен карантинге қарамастан, барынша көмек көрсетуде. «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы, Ассамблеяның волонтерлер қозғалысының орталықтары, ҚХА-ның басқа құрылымдық бөлімшелері және белсенділер қосылды. Мен осы қайырымдылық акциясының барлық қатысушыларына алғыс айтамын, – деді Жансейіт Түймебаев.

Айта кету керек, ҚХА Түркістан облысына гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді. Бірінші кезең аясында 23 млн 325 мың теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір