• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:21:59
Алматы
+12°

 

Президент Қ.Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданы тұрғындарының мал шығыны, тасқынның ауыл шаруашылығы алқаптарына тигізген зияны өтелетінін мәлімдеді.

– Қазір су тасқынының зардаптарын жою, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Біз ауданның күнделікті тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылдаймыз. Жалпы күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынады. Зардап шеккен әрбір адамға 100 мың теңге көлемінде өтемақы төленеді. Мал шығыны, тасқынның ауыл шаруашылығы алқаптарына тигізген зияны өтеледі. Жалпы, зардап шеккен ауылдардың әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Оларға жәрдем береміз, –  деді президент.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мақтаарал

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір