09 Мамыр, 2020 NEWS
almaty.tv
Өткен ғасырдағы сұрапыл соғыс кезінде майдан даласына өз еркімен сұранып барғандар көп еді. Соның бірі – алматылық батыр Шәріп Мықитанов.
Оның балалық кезі еліміздегі қуғын-сүргін және ашаршылық жылына тап болады. Соғыс басталарда небары 18-де болған екен. фашистермен шайқас басталған жылы бозбала Шәріп өжеттілігімен көзге түсіп, 28 панфиловшылар қатысқан дивизияның взвод командирі болады. Бір үйден ағала-інілі екеу майданға аттанып, Отан қорғау жолында ерекше ерлік көрсетті.
– Ұлы Отан соғысының 4 орденімен, 6 медалімен марапатталған. 1987 жылы қыркүйектің 18 күні өмірден өтті. Осындай жақсы азаматтардың, абзал ағалардың арқасында жақсы өмір сүріп жатырмыз. Оларды біз мәңгі ұмытпаймыз, есімізде болады, – дейді Ш. Мықитановтың жары Төлеухан АҚЖОЛОВА.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір