08 Мамыр, 2020 Саясат
АҚШ Мәскеуді қалай бомбаламақ болған?
Вашингтонның жоспары бойынша, жаңа сынақтан өткізілген атом арсеналдарымен Кеңес Одағының 20 қаласын жою керек болған.
Getty Images
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқтаған соң АҚШ-тың бұрынғы президенті Гарри Трумэн Мәскеуді ядролық қарумен бомбалауды жоспарлаған. Бұл туралы Қамшы тілшісі англиялық The Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Германия жеңілген соң Ұлыбританияның сол кездегі премьер-министрі Уинстон Черчилль Сталиннің коммунистік ықпалы Шығыс Еуропада күшейіп кете ме деп үрейленген. Сондықтан Черчилль батыстық одақтастарына «ақылға сыймайтын операция» идеясын ұсынған.
Бұл жоспар бойынша, АҚШ-тың Манхэттен жобасының бір бөлігі болған атом бомбаларын Мәскеу мен Киевке тастау жоспарланды. Алайда ядролық бомбалаудан бұрын Германиядан, Польшадан және Шығыс Еуропадан Кеңес Одағы күштерін шығарып тастау керектігі айтылған.
1945 жылдың маусым айының соңында Черчилль бұл жоспардан бас тартты, себебі басқа батыстық лидерлер бұны "суицидтік жоспар" деген. Бірақ АҚШ-тың сол кездегі президенті Гарри Трумэн өлімге итермелейтін ұсыныстан шабыт алып, оны өзінің "Plan Totality" деп аталатын әскери стратегиясына қолданды.
Сталин, Черчилль және Трумэн үштігі Германиядағы Потсдам келісімі кезінде неміс территориясын қалай басқаруға болатыны туралы бірнеше кездесу өткізді және Трумэн Сталинге Троица сынағы –ядролық қарудың алғашқы жарылуы сәтті өткенін хабарлады. Сынақ 1945 жылғы 15 тамызда Манхэттен жобасы кезінде болған.
Бұл Кеңес Одағына ядролық қару туралы алғашқы ресми хабарлама болды. АҚШ делегаттары сол кезде Сталиннің сабырлы реакциясына таң қалған. "Себебі, ядролық сынақ туралы Сталин Лос-Аламостағы шпиондардан біліп алған" деп жазды англиялық The Express басылымы.
Кездесуден кейін Трумэн АҚШ-тың сол кездегі генералы Дуайт Эйзенхауэрге жаңа жоспар құруды тапсырған. Жоспар бойынша сынақтан өткізілген атом арсеналдарымен Кеңес Одағының 20 қаласын жою керек болды.
Мәскеу, Ленинград және Сталинград ату нүктелерінде болған. Әскери жоспарлаушылар барлық ірі Кеңес қалаларын күтпеген жерден жою керектігін мәлімдеген.
20-дан 30-ға дейінгі атом бомбаларын жару жоспарланған. Бұл Ресейдің картадан өшірілуіне жеткілікті деп есептелген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір