08 Мамыр, 2020 NEWS
The New York Post
Солтүстік Корея диктаторы Ким Чен Ынге ұқсайтын екі адамның сөйлесіп тұрғаны көрсетілген видео және суреттер жарияланды. Бұл туралы Қамшы тілшісі The New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Түсірілген кадрларда Солтүстік Корея басшысына ұқсас екі адамның жаңа зымыранның қасында сөйлесіп тұрғаны көрсетілген.
Екі адамның бойының ұзындығы мен дене бітімі бірдей, олардың артқы және самай шаштары ұқсас қиылған, сонымен бірге олардың костюмдері, көйлектері, киген киімдері өте сәйкес келеді.
"Солтүстік Корея басшысы қастандықтардан сақтану үшін өзіне ұқсас адамдарды қолданады" деген қауесеттер күшейіп жатқан кезде, International Business Times бұл қауесеттерді "белгілі факт" деп атады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір