06 Мамыр, 2020 NEWS
The Guardian
Шетел басылымдары "1 мамырда тыңайтқыш шығаратын зауыттың ашылу салтанаты кезінде көпшілік алдына шыққан адам Ким Чен Ын емес болуы мүмкін" деген болжам айтуда. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сенбіде солтүстіккореялық БАҚ Ким Чен Ынның суреттері мен бейнелерін жариялады. Ол кезде "Ким Чен Ын өлді немесе ауыр халде жатыр" деген қауесет тараған.
"Сенбіде жарияланған фотосуреттер Ким Чен Ынның орнында басқа біреу болуы мүмкін деген күдікті тудырды" деп жазады The Sun. Басылымының ақпаратынша, бұрынғы суреттермен салыстырғанда Солтүстік Корея басшысының сенбіде жарияланған суреттеріндегі бет-әлпет, шаш сызығы мен тістерінің ерекшеліктерінде сәйкессіздік бар.
Ал, International Business Times (IBT) "Кимнің өзіне ұқсайтын адамдарды қолданатыны белгілі». 2017 жылы Солтүстік Корея басшысы өзіне өте ұқсайтын адаммен сөйлесіп тұрғанын көрсеткен суреттер жарияланған" деп жазды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір