• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:12:55
Алматы
+35°

Жамбыл облысында 43 науқас коронавирустан жазылып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

Облыста жалпы 113 адам індет жұқтырған. Бүгінге дейін 1784 адам карантиннен шығарылды.

 

– Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандарды анықтау үшін 6 лоборатория жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні коронавирус індетіне тестілеуден 6700 адам өтті, – деді Ержан Жылқыбаев.

 

Оның сөзінше, облыс аумағында орналатылған барлық 48 блокпост жұмысы күшейтілген.

Сондай-ақ ол облыс тұрғындарына арналған әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты.

– Жамбыл облысы бойынша 119 000 тұрғынның 15 000 теңге көлемінде коммуналдық шығындары өтелетін болады. 2020 жылы кемінде 30 мың жұмыс орны ашылады. Облыс аумағында 831 инфрақұрылымдық жобаны іске асырамыз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ Қордай ауданы бойынша 141 жобаға 12 млрд теңге қаржы бөлінбек.

Ержан Жылқыбаев тұрғындарды коронавирустың таралуын тоқтату шараларына түсінікпен қарауға шақырды.

– Еліміз үшін қиын қыстау заманда, батыр Бауыржан Момышұлы бабамыздың "Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды" деген сөзін естен шығармағанымыз абзал. Жергілікті атқарушы және құқыққорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан қабылданып жатқан індеттің алдын алу үшін қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, карантин режимін бұзбауға шақырамын. Ол үшін үйде болуларыңызды сұраймын. Өтпелі кезеңде, қиындықты бірге жеңеміз!, – деді ол брифинг барысында.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір