• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:26:49
Алматы
+12°

9 мамырға ақшалай төлемдер ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

1941-1945 жылдардағы КСРО-Германия соғысындағы жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтанда соғыс қатысушылары мен мүгедектері 1 млн теңгеден алады.

Қазіргі таңда елордада 44 ардагер бар. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері, соғысқа қатысушылардың әйелдері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ардагерлерге теңестірілген барлық адамдар да бір жолғы ақшалай төлемдерді алады.

Атап айтқанда, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша КСРО-Германия соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 75 мың теңгеден (405 адам), жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында қайтыс болған ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне – 32 500 теңгеден (3 529 адам) біржолғы ақшалай төлемдер қарастырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір