• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:49:36
Алматы
+12°

22 сәуірде Алматы қалалық соты белсенді Әлнұр Ильяшевтің қамаудан босату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы оның адвокаты өзінің facebook парақшасында хабарлады. 

"Маған келген көптеген сұрақтарға және қоңырауларға жауап бере алмауыма байланысты Ильяшев Әлнұрдың жағдайын қысқаша түсіндіруге тура келді. Бүгінгі баспасөз мәслихатынан кейін апелляциялық комиссия менің шағымымды қарады. Қалалық соттың судьясы біздің шағымымызды қанағаттандырмады. Судьяның пікірінше, Ильяшев бостандықта жүргенде жалған ақпарат таратуды жалғастыра беруі мүмкін. Мен осыны ғана естідім" деп жазды Нұрлан Рахманов.

Адвокат Нұрлан Рахманов 22 сәуір күнгі жазбасында тергеу орындарының істі "ауыр іс" деп атағанына қарамастан тергеу аяқталғаны туралы хаттаманы тапсыруға асығып отырғанын жазды. Адвокат Әлнұрдың өз қолымен жазған өтінішін тергеушіге, не тергеу басқармасына, не полиция департаментіне өткізе алмай жүргенін де айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір