17 Сәуір, 2020 NEWS
kursiv.kz
Қазақстанның авиация әкімшілігі Bek Air АҚ-ның сертификатын қайтарды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңның 12 бабының 5-тармағына, 16-9 бабы 2-тармағының 10 тармақшасына сәйкес, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ жіберген бұзушылықтарды жою туралы нұсқауларды орындамауына байланысты Bek Air АҚ-ның пайдаланушы сертификаты кері қайтарып алынды. Сондай-ақ Bek Air АҚ-ның 9 Fokker әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаттары қайтарылды" делінген хабарламада.
Енді тиісті құжаттарын алу үшін қайтадан толық сертификаттау рәсімінен өтуі қажет.
Естеріңізге салайық, Алматыда аталған әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған соң құқық қорғау органдары компанияның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізген еді. Нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтар анықталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір