• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:29:50
Алматы
+12°

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйін онлайн брифингте баяндады.

– Бүгінгі күні тіркелген 119 жағдай бойынша 35 науқас ауруды шетелден жұқтырып келген болса, 67 науқас осы инфекция жұқтырғандармен байланыста болған. Олардың бәрі өз уақытында тиісті провизорлық және инфекциялық стационарларға оқшауланып, қазіргі кезде ем алуда. Сондай-ақ жергілікті жерде 6 адам инфекция жұқтырса, олармен байланыста болған 11 адамда коронавирус тіркелген. Оған қоса, бір үйдің 4 адамы осы инфекцияны әкесінен жұқтырған деген дерек бар. Бірақ дер кезінде бөлектеп, оқшаулау қолданылғандықтан инфекцияның өсімі тежелді, – деді Айзат Молдағасымова.

Ол вируспен ауырған науқастардың жас ерекшелігін жіктеп айтты. Осыған дейін коронавируспен ауырғандардың басым көпшілігі 20, 29, 30, 39 жастағы азаматтар болса, қазір бұл көрсеткіш өзгеріп жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша 50-59 жастағы адамдардың ауру дерегі көбеюде. Одан бөлек, 30-дан 39 жасқа дейінгі адамдар арасында инфекция жұқтыру дерегі 7-ден 21 жағдайға дейін артқан.

– Бүгінгі күні инфекция ошағының саны 39-ға азайды. Естеріңізге сала кетсек, маусым басында 54 ошақ тіркелген болатын.  Стационарлық карантиндегі 189 адаммен тығыз байланыста болған 12 555 адам сынақтан өткізілсе, соның 119-ы оң нәтиже берді, – деп айтты департамент басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір