• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:49:42
Алматы
+12°

21 наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 53-адам анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарғанда, вирус Алматы қаласының іргесіндегі, бірақ Алматы облысына қарайтын Қарасай ауданының азаматынын табылған.

"1986 жылғы ер адам 17 наурызда Стамбул – Бішкек рейсімен Қырғызстанға ұшып барған. Ертесінде көлікпен Алматы облысы Қарасай ауданына келген. Қазіргі кезде ол стационарлық карантинге жатқызылған. Жағдайы орташа" деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 

Осылайша Қазақстанның төртінші өңірінде коронавирус жұқтырған адам тіркеліп отыр. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда – 28, Алматыда – 22, Қарағандыда – 2 адамнан вирус табылған. 

Қазақстанда Covid-19 коронавирусын жұқтырғандар алғаш рет 13 наурызда анықталған. Кейін, 15 наурызда – вирус жұқтырғандар саны сегіз адамға жеткенде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елде 16 наурыз таңғы сегізден 15 сәуір таңғы жетіге дейін төтенше жағдай жарияланған болатын. Ал 19 наурыздан бастап елдің екі ірі қаласы – Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір