Алматы қаласында карантинге жабылған барлығы 52 базар бар. Соның ішінде, 6 азық-түлік базары – "Жұлдыз", "Барыс-4", "Береке", "Қарасу", "Саудакент", "Ақ-Бұлақ" карантинге қарамастан жұмыс істеп тұр. Азық-түлік емес, басқа тауарлар сататын 29 базар кешегі күннен бастап толық жабылды. Ал қалған 17 әмбебап  базарда тек азық-түлік сататын қатарлар ашық тұр.

Қаладағы ең танымал әмбебап базарлардың бірі – "Көк базарда" бүгін сатып алушылар аз байқалды. Карантин тәртібіне сәйкес, бұл базарда азық-түлік емес, басқа заттарды саудалайтын қатарлар мен дүңгүршекетер жабық тұр. Азық-түлік қатарында да сауда жоқ. Тіпті, жеміс-жидек сататын кей сатушылар сауда азайғанына байланысты сөрелерін жауып кетіпті. Сатушылардың айтуынша, азық-түлік бағасы қымбаттамаған. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір