• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:12:50
Алматы
+12°

16 Наурыз, 2020 NEWS

"Қабырға қайыстыратын жағдай": Мәжіліс депутаты бар шындықты айтты

Иә, "қасқырдан кейінгі ет жеуден екінші орындамыз" деп мақтанатын қазақтың малдан көңілі қалып тұрғанға ұқсайды. Бұны депутат, тіпті "қабырға қайыстыратын жағдай" деп мәлімдеген.

Фото: ашық ақпарат көздерінен

Бұл туралы Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов көтерді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Депутаттың айтуынша, Кеңес армиясының ширек бөлігіне жуығын етпен қамтамасыз еткен Қазақстан қазір сырттан ет сатып алатын мемлекетке айналып отыр.

– Бұл – қабырға қайыстыратын жағдай. Фактінің аты факт. Кеңес армиясының ширек бөлігіне жуығын етпен қамтамасыз еткен Қазақстан қазір сырттан ет сатып алатын мемлекетке айналды. Қазір елде азық-түлік дайындауда жеке сектордың үлесі тиімді пайдаланылып отырған жоқ, – деді ол.

Ол – ол ма, Сауытбек Абдрахманов қазақтың бақтым деген малы тойы мен ішіп-жемінен артылмайтынын, тіпті аталған шаруашылық түріндегі бар мотивациясы да сол төңіректе шектелетінін айтып қынжылған.

– Ауылдағы азаматтардың мал өсіруге деген мотивациясы төмендеп кетті. Бірінші мотивация – күнделікті ішіп-жем, екінші мотивация – тойға мал жинау. Үшінші мотивация– қонақ күту. Одан артылатын малдың ауыл адамына қажеті шамалы болып тұр. Өйткені, ол малды нарыққа қосып, ақшаға айналдыра алмайды. Аудан орталықтарының жанында тұрған адамдар болмаса, 100-200 км қашықтықта тұратындардың малды қалаға әкеп өткізетін мүмкіндігі жоқ, – деді мәжіліс депутаты.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір