• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:08:51
Алматы
+12°

15 Наурыз, 2020 NEWS

"Авиациялық снаряд болған": Қапшағайдағы жарылысқа орай Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы жекенің өмірін жалмаған жарылыстың авиациялық снарядтан болғаны анықталды. Жарылғыш затты оқиға орнына белгісіз үш адам өткізген.

Фото: ашық ақпарат көздерінен

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі берген түсініктемеде айтылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осыған дейін жазғанымыздай қайғылы оқиға Қапшағай қаласында орналасқан металл қабылдау орындарының бірінде 14 наурыз күні болған. 

Әлеуметтік желі арқылы тез тараған видеоға байланысты желі қолданушылар түрлі пікір қалдырған. Соның бірінде қаза тапқан адамның қолында жарылған заттың әскери снаряд болу мүмкіндігі жоғары екені айтылған. 

 Осы оқиғаға байланысты министрлік ресми сайтында түсініктеме берді.

«Қабылдау пункті иесінің сөзіне қарағанда, 13 наурыз күні кешке белгісіз үш адам металл сынықтарын алып келген, оның ішінде басқарылмайтын авиациялық снаряд болған. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, барлық жағдайлар нақтылануда», - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство күдіктілердің снарядты «Қазақстан» полигонынан алып келуі мүмкін екенін де болжаған.

«Ескертулер мен қабылданған қауіпсіздік шараларына қарамастан металл жинаушылар полигонға заңсыз еніп, снаряд бөлшектерін, оқ-дәрі фрагменттерін жинайды. Әскери полиция органдары жүргізген түсіндіру жұмыстарына қарамастан оларды жинау пункттері заңсыз қабылдайды», - делінген министрлік хабарламасында.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір