13 Наурыз, 2020 NEWS
"Жаппай сатып алудың қажеті жоқ": Алматы әкімдігі тұрғындарды даурықпауға шақырды
Алматыда сауда орталықтарында халық азық-түлікті таласа-тармаса сатып алып жатыр. Оған елдегі короновирусқа сақтық шараларының күшеюі себеп болған. Ал шаһар әкімдігі бұлай дүрлігудің қажеті жоқ деп отыр.
Фото: qamshy.kz
Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат дерегіне сүйене отырып хабарлайды.
Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысы Еркебұлан Оразалинның айтуынша, қалада азық-түлік қоры жеткілікті.
«Кеше гипермаркеттерде, ірі сауда нүктелерінде адамдар азық-түлікті жаппай сатып алып жатты. Олай жасаудың қажеті жоқ. Тұрғындар осындай әрекеттерімен бағаның өсуіне өздері жол береді. Бұл нарықтағы қалыпты жағдай. Сұраныстың өскенін байқаған жеткізушілер осы сәтті пайдаланып қосымша ақша табуға тырысады. Әрине, біз өз тарапымыздан алдын алу шараларын қолдандық, барлығымен сөйлестік. Біз бұл процесті барынша сақтаймыз, бірақ нарықтың аты нарық. Мысалы, қанттың бағасы айтарлықтай өсті», – дейді Еркебұлан Оразалин.
Сондай-ақ, ол тауарлардың басым бөлігі отандық өнім екенін де атап өткен.
«Дүкен сөрелеріндегі азық-түлік азаймайды. Біз барлығымен үнемі байланыста боламыз. Сауда орындарының қоймаларында тауар жеткілікті. Сондықтан бір жылға тамақ алудың қажеті жоқ»,- деді ол. Спикердің айтуынша, егер қалада карантин жарияланса, әлемдік тәжіртбегее сүйенеді. Яғни вирусқа қарамастан азық-түлік дүкендері жабылмайды. Олар қалыпты режімде жұмыс істейтін болады. Халық осыны түсінуі керек. « Азық-түлік бағасына күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады. Басқа елден келетін тауарлар теміржол арқылы жеткізіледі. Жалпы, қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жылдық тұтынуы 860 мың тоннаны құрайды»,- дейді ресми өкіл.
Тағы оқи отырыңыз: Бос сөре, азық толы арба. "Магнумдағы" дүрбелең (фоторепортаж)
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір