06 Наурыз, 2020 NEWS
qazaqstan.tv
Қытайда 52 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.
– Қазіргі таңда Қытайда коронавируспен 80 565 адам тіркелді. Вирусты жұқтырғандар бір тәулікте 139 адамға өсіп отыр. Ол 0,18 пайыз өсімді құрайды. Қайтыс болғандар саны 3 015 адам. Бұл 3,7 пайызды құрайды. Емделіп шыққандар 52 109 адам, яғни 64,6 пайыз болса, стационарларда әзірге емделіп жатқан 25 441 науқас бар, – деді Ахметшәріп.
Оның айтуынша, қайтыс болғандардың орташа жасы 75-те, ең кішісі - 48, ал жасы үлкені 89-да. Әлем бойынша 79 елде 14 747 науқас тіркелген. Тәулік бойынша науқастар 17,2 %-ға өскен, оның 271-і қайтыс болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір