• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:47:49
Алматы
+12°

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі қазақстандықтар және кәмелетке толмаған жасөспірімдер емханалар мен дәріханаларда тегін дәрі-дәрмек ала алады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

– Біз коммерциялық дәріханаларда тегін дәрі-дәрмек алатын жүйеде болдық. 2015 жылға дейін коммерциялық дәріханалар бізден ақша алып отырды. Олар дәрі-дәрмек құнынан бөлек 25%-ға дейін қосымша ақша алып отырды. Менің ойымша, бұл сұмдық алдау. Сондықтан біз бұл 25%-ды біреуге бергеннен гөрі, арнайы емханадан әрбір науқас дәрі-дәрмегін алып, ем қабылдаса дейміз. Болашақта біз кез келген дәріханадан дәрі-дәрмекті қолжетімді бағада ала алатындай жүйеге оралғымыз келеді, – деді Біртанов.

Қазір дәріханалар арасында тендер өткізілмейді. Егер дәрі-дәрмектер рецептері болса, барлық дәріханалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

– Біз бухгалтерлік есепті көру үшін бүкіл жүйені цифрландыруымыз керек. Яғни, заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін тегін электронды рецепттер жүйесін жасадық, енді оны биылғы жылы жеке дәріханаларда сынақтан өткізіп жатырмыз, бұл 2 жылға созылады, – деді министр.

Сондай-ақ министр қазіргі уақытта үйге жедел-жәрдем қызметкерлерін шақырған кезде, антипиретикалық препараттарды қабылдау проблемасы туындап жататынын атап өтті.

– Біз бұл мәселені білеміз және онымен жұмыс жасаудамыз, бірақ адамдарға көмек қажет болғанда жақын маңда орналасқан дәріхана немесе емханаға баруы керек. Жақын арада бұл мәселенің шешімін табамыз, – деп сендірді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір