• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:37:20
+12°

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесі құрылатын болды, деп хабарлайды muftyat.kz.

Елордада өткен алқалы жиында Бас мүфтиге аталған жобаның жоспары таныстырылды.

"Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесіне имам-молдалардың білім деңгейі, ғылыми дережесі, ұлты, отбасы жағдайы, облыстағы мешіт саны, т.б. мәліметтер енгізілмек.

– Қазір электронды технологияның дамыған заманы. Әлем электронды жүйеге көшу үдерісінде. Біз, дін қызметкерлері бұл тенденциядан қалыс қалмауымыз қажет. "Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесі жұмыс тиімділігін арттырумен қатар, ҚМДБ Орталық аппаратының кадр қызметін оңтайландыруға оң ықпал етеді. Сондықтан осы жобаны жетілдіріп, іске қосуды тапсырамын, – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір