• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:09:59
Алматы
+12°

Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мубарак сейсенбі күні 91 жасында қайтыс болды. 

«Бұрынғы президент Мұхаммед Хосни Мубарак қайтыс болды», - деп хабарлады Мысырдың мемлекеттік телеарнасы.

Еl-Watan басылымы Мубарак аурумен ұзақ күрескеннен кейін қайтыс болғанын хабарлады.

Қаңтардың аяғында бұрынғы президент асқазанындағы ісікті алып тастау үшін ота жасатқан. Кейін оның жансақтау бөлімінде екені хабарланды.

Хосни Мубарак 1981 жылдан 2011 жылға дейін Мысырды 30 жыл басқарды. 2011 жылы халықтың жаппай шеруге шығуынан кейін отставкаға кетті. Кейін экс-президентті жемқорлық жасады және демонстранттардың өліміне себепкер болды  деген айыппен қамауға алынды. Мубарак алты жылға жуық түрмеде отырды. 2017 жылы ол босатылды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір