25 Ақпан, 2020 NEWS
видеодан алынған
Қызылорда қаласында 72 жастағы кәсіпкер, жиһаз компаниясы иесі Тынымбай Беженов жоғалып кетті, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана теларнасының дерегін негізге алып.
Бизнесмен осыдан 10 күн бұрын сағат таңғы 5:00-де күнделікті серуенге шығып, сол күйі оралмаған. Туыстары әдетте үйден телефонсыз шықпайтынын, бірақ сол күні телефонын үйге қалдырғанын айтты.
"Дәл сол күні телефонсыз, құжатсыз, ақшасыз шығып кетті. Полицейлермен әскерилермен, кинологтармен де, еріктілермен осы аумақтың барлығын қарап шықтық,", - дейді кәсіпкердің туысы.
Туыстары кәсіпкердің денсаулығы жақсы болғанын айтты. Тынымбай Беженов кәсіптегі жеке қиындықтар, қандайда бір қауіп-қатер туралы ештеңе айтпаған. Жақындарының ойынша, Тынымбай Баженовті көлік қағып кетіп, қаланың сыртына алып кеткен болуы мүмкін. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір