19 Ақпан, 2020 NEWS
tengrinews
Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) бас директоры Виктор Сороченко Алматы маңындағы Bek Air ұшағының апатқа ұшырау сәтінің техникалық зертханада жасалған видеосын көрсетті.
– Мен осыған дейін авиацияда осындай жағдайлардың болғанын айттым. Ұшудың мұндай параметрлерін біз 2007 жылы Францияда байқаған болатынбыз. Мамандар әуе апатына сараптама жүргізді. Францияның органдары бізге барлық мәліметті берді, – деді Сороченко.
Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры бұл видеоның авиациялық комитеттің техникалық зертханасы негізінде жасалғанын айтты.
Апат туралы айта отырып, ол ұшу үшін қажетті жылдамдықты алғаннан кейін экипаждың қозғалысты тоқтатуға құқығы жоқ. Яғни, бұл ұшақтағы жолаушыларға үлкен қауіп төндіреді деп түсіндірді.
Еске сала кетейік, "Bek Air" ұшағы 27 желтоқсанда таңғы сағат 7:05-те Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шығып, одан кейін радардан жоғалып кеткен болатын. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір