• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 23:17:40
Алматы
+12°

14 Ақпан, 2020 NEWS

Сағынтаев Алматыдағы ақын-жазушыларға грант бермек

Енді Алматыдағы 360 қаламгердің әр тоқсан сайын 60-ы шаһар әкімінің "шарапатын" сезінбек. Ал мұндай қошеметке ілігетін ақын-жазушылар тізімін Жазушылар Одағы ұсынады.

Фото: ult.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кезекті жиын барысында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, мұндай шешімнің қабылдануына биыл ел аумағында кең көлемде аталып өтілетін әл-Фарабидың 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойлары себеп болып отыр. Яғни, осы орайда қала әкімдігі тарапынан ақын-жазушыларға қолдау көрсетілмек.

«Былтыр Жазушылар Одағының 85 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. Жергілікті бюджет есебінен 250 млн теңге қаражат бөлініп, Жазушылар Одағының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алматы қаласында тұратын 150 ақын-жазушы 500 мың теңгелік ақшалай грант сертификаттарымен марапатталған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша Жазушылар Одағының 820 мүшесі болса, оның 360-ы осы Алматы қаласында тұрады екен. Биыл біз әр тоқсан сайын 90 ақын-жазушыға грант тапсыратын боламыз. Бұл тізімді бізге Жазушылар Одағының өзі ұсынып отырады. Бұл мәселе қазір бюджетте нақтыланып жатыр», - деді қала басшысы.

Атап өтейік, былтыр жаңа жыл қарсаңында Алматы әкімі қаладағы 60 ақын-жазушыға салтанатты түрде арнайы грант табыстаған болатын.



 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір