• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:44:25
Алматы
+12°

Кибершабуылдан Қазақстан Бас прокуратуратурасының құпия деректері ұрланды, деп хабарлайды 24.kz.

Кибершабуылдарды зерттеу және талдау орталығы мамандарының айтуынша, қадағалау органының ақпараттық жүйесі бірнеше айдан бері қандай да бір қорғауға алынбай келеді.

Сәйкесінше әкімшілік іс жүргізілген қазақстандық немесе шетелдік азаматтарға қатысты мәліметтер қолды болып жатыр.

Жүйедегі олқылық салдарынан құқық бұзушылар төлеген айыппұлдар, ескертулер, тұрғылықты мекен-жайлар, суреттер, автокөлік және жеке сәйкестендіру нөмірлері киберқылмыскерлердің құрығына іліккен.

Ал прокуратура орталық мамандарының дабылына әзірге үн қатар емес.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кибершабуыл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір