13 Ақпан, 2020 NEWS
Qamshy.kz
Тұрғындар арасында жанжал болған Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы өртенген сауда ғимаратын тазарту кезінде күйген адамның денесі табылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімнің кеңесшісі Қанат Құлшыманов Facebook парақшасында жазды.
Оның жазуынша, күйген адам денесі 11 ақпанда табылған. Қазір мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр.
Ақпанның жетісінен сегізіне қараған түні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бірнеше ауылда этникалық қазақтар мен дүнгендер арасында жанжал болып, ресми дерек бойынша, 10 адам қайтыс болған. 40-тан астам адам жараланған. Жанжал кезінде 19 полицейдің зардап шеккен. Масанчи, Сортөбе, Ауқатты, Бұлар батыр ауылдарында, ресми мәлімет бойынша, 15 ғимарат пен 30-дан астам үй бүлініп, 23 көлік өртенді.
Жанжалдың нақты неден басталғын әлі белгісіз. Ал жергілікті тұрғындар 5 ақпанда этникалық дүнгедер мен этникалық қазақтар жолға таласып, дүнгендер 78 жастағы қазақ қария мен оның екі ұлын соққыға жыққаннан кейін және этникалық дүнгендер 7 ақпанда полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен соң қазақтар мен дүнгендер арасында жаппай төбелес басталғанын айтады.
Қазақстан билігі бұл оқиғаны "тұрмыстық жанжал" деп сипаттап, жанжалға байланысты 25 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бірақ қанша адам ұсталғанын ашып айтпай отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір