12 Ақпан, 2020 NEWS
finance.kz
Ихдановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға Мәжіліс депутаттары бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихдановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мақұлданды.
– Паламент Мәжілісіне ОСК мүшесі Ақылбек Жәмелұлы Ихдановтың өкілеттігін өз еркімен мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші түсті. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 19-бабы 6-тармағының 1-тармақшасына сәйкес сайлау комиссиясының мүшесі өз еркімен өтініш берген жағдайда, міндетін атқарудан босатылады. Осыған байланысты біз Ақылбек Ихдановтың ОСК мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамыз, – деді отырыста мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.
Ихдановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға Мәжіліс депутаттары бірауыздан дауыс берді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір