• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:45:19
+12°

10 ақпан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қақтығысқа байланысты бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босату туралы тапсырма берген. Қызметінен босатылған Жамбыл облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Арман Оразалиев жамбылдықтарға алғыс айтты. 

"Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Бүгін сіздермен қоштаса отырып, қызмет барысында көрсеткен қолдауларыңыз үшін баршаңызға зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл, ең алдымен – белсенді азаматтар, полиция қызметкерлері, менің жақындарым. Сіздерге қай кезде де сенім артуға болатын. Жамбылдықтардың бойынан дәл осы қасиеттерді жоғары бағалайтынымды шын жүректен мойындаймын.

Мен еліміздің көптеген облыстарында жұмыс істедім және олардың әрқайсысына бар жаныммен уайымдап, өркендеуі үшін үлесімді қосуға, өзімнің пайдамды тигізуге тырыстым.

Құрметті менің достарым, осындай жылылық ұялаған аймақта жұмыс істеген кезеңдерімді әрқашан есте сақтайтын боламын. Жамбыл облысының ең мықты, үздік және әрдайым алдыңғы қатарда болуына тілектеспін. Баршаңызға бейбітшілік, тыныштық, ертеңгі күнге сенімділік тілеймін" деп жазды Арман Оразалиев өзінің facebook парақашасына. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір