• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:42:46
+12°

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің орынбасары Бағдат Манзоровтың өз еркімен қызметінен босатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

– Бағдат Манзоров өз еркімен жұмыстан кетті. Ол өз қызметінде кәсіби және білікті маман болды. Арысты қалпына келтіруде жақсы жұмыс жасады. Сондай-ақ оның газдандыру саласына және модульді қазандықтарды орнатуға қосқан үлесін атап өтпеске болмас. Мен оған бар жақсылықты тілеймін, – деді Баталов.

Әкімнің экс-орынбасары өз кезегінде әріптестеріне атқарылған жұмыс үшін алғыс айтты.

– 7 айда көп нәрсе жасалынған жоқ. Алғашқы іссапар облыс әкімімен Арыста болды. Бірақ біз оны сәтті аяқтадық. Алматы облысы – менің кішкентай Отаным, сондықтан мен бұл бағытта жұмыс істегеніме қуаныштымын. Әрі қарай аймақтың өркендеуін тілеймін, – деп Манзоров соңғы сөзін түйіндеді.

Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2019 жылдың шілдесінде тағайындалған.  Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлік пен туризм салаларына жауапты болды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бағдат Манзоров

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір