• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:00:55
Алматы
+12°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды. Бұл туралы рrimeminister хабарлайды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаевтың төрағалығымен құрылған Комиссия құрамына: Жамбыл облысының әкімі - А. Мырзахметов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - Б. Нұрымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Ж. Түймебаев, Парламент Мәжілісінің депутаты - Ш. Хахазов және «Дүнген қазақстандық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - А. Воинце мен қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрлері, ақпарат және қоғамдық даму, ұлттық экономика, денсаулық сақтау, білім және ғылым вице-министрлері, ішкі істер, қорғаныс министрлерінің орынбасарлары, Бас прокурор мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары кірді.

Комиссия алдында жанжал себептерін анықтау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шұғыл шешуді қамтамасыз ету, келтірілген залалдың орнын толтыруды бағалау міндеттері қойылды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қазақ дүнген жанжалы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір