08 Ақпан, 2020 NEWS
қамшы.кз
Қордай ауданы Масанчи ауылындғы оқиғаға байланысты Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы 24.kz жаңалықтар қызметі хабарлайды.
«Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталуда. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және қауесет пен жалған хабарламаларды таратпауды сұрайды. Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Қордай ауданында дүнген ұлтының азаматтары 80 жастағы қазақ қариясы мен оның екі баласын арматурамен, балғамен ұрып, басын жарғаны туралы ақпарат тарап, екі ұлт арасында үлкен жанжал шығады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір