01 Ақпан, 2020 Барлық аймақтар
ria.ru
Майк Помпеоның Қазақстанға сапарының мақсаты ынтымақтастықты нығайту ма, әлде америкалық ойын ережелерін насихаттау ма? Мұндай сауалды МГИМО талдау орталығының директоры, саяси ғылымдардың докторы Андрей Казанцев қойды.
АҚШ-тың мемлекет хатшысы Майк Помпео ТМД елдеріне сапарын бастаған. Ол бүгінге дейін Украина мен Беларусь елдерінде болып, келесі іс сапарын Қазақстанда жалғастырмақшы.
Минскіде аялдаған уақытында Помпео Беларусь пен Ресейдің мығым қарым-қатынасы туралы сөз етіп, Украинадан мықты қолдау күтетіні туралы айтты.
Америкалық дипломат 1-2 ақпанда Нұр- Сұлтан қаласында болып, президент Қасым- Жомарт Тоқаев және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізеді.
– Америка Құрама Штаттары Қазақстанды өзінің одақтасы етуге тырысуда, – дейді Андрей Казанцев.
– Америка Құрама Штаттары өз позициясын нығайтуға әрекет етуде. Ресей мен Қытай Орталық Азия елдерінің экономикасы мен саясатында маңызды рөл атқарады. АҚШ Қазақстан мен осы елдердің серіктестік деңгейі оларға қарағанда жоғары екенін жақсы біледі, –деді Казанцев.
Помпео ел басшылығымен және сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты және аймақтық ынтымақтастық пен жаһандық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайтындығын ресми түрде хабарлады.
Желтоқсан айында Мемлекеттік хатшы Помпео Вашингтонда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдаған.
Помпеоның 5 қаңтарда Қазақстанға мемлекеттік іс сапары жоспарланған, бірақ АҚШ-тың Ирактағы елшілігінде болған оқиғаларға байланысты іс сапар уақыты өзгерген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір