29 Қаңтар, 2020 NEWS
news.yandex
Елде коронавирус таралуының алдын алу үшін бірқатар қосымша қорғану шаралары жүргізілді. Яғни, Қазақстан Қытайдан жолаушы тасымалдаудан бас тартты және әуе кеңістікті жабады, - деп хабарлайды премьер-министр сайты.
"29 қаңтардан бастап екі ел арасында жолаушылар автобусының тасымалы, 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады. Қытай азаматтарына виза берілмейді", -деп жазылған хабарламада.
Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының іріктеу матчтары өтпейтін болды. Сонымен қатар, 12-16 ақпан аралығындағы су добынан Азия іріктеу чемпионаты да өткізілмейді деп мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір