• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:06:26
+12°

Бүгін Алматыдағы әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай "Ұлы даланың ұлы  есімі" атты салтанатты іс-шара өтті. Шараға келген қонақтар Шығыс ойшылдары, Қазақстан тұңғыш президенті, Абай және Алаш қозғалысы қайраткерлеріне арналған мұражай экспозицияларымен танысты.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев сөз сөйледі.

– Әлемдік деңгейде ұлы тұлғаларымызбен әрқашанда мақтанамыз. Биыл ұлы тұлғалардан әл-Фарабидың 1150 жылдығы, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойларын ел болып атап өтудеміз. Бұл біздің халқымыздың рухани бірігуіне септігін тигізеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" мақаласын келтіре отырып: "Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, ұлы тұлғалардың жаңғыруларын мұқият оқуымыз керек" деп атап өтті. Олардың қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өздеріңізге белгілі өткен аптада елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шара жоғары деңгейде өтті, – деді мемлекеттік хатшы.

Шараға Смағұл Елубай, Нұрлан Оразалин, Сейфолла Оспан, Ғалым Жайлыбай, Асанәлі Әшімов, Оразбаев Иранбек, Меруерт Өтекешова, Нұрғали Нүсіпжанов, Ақұштап Бақтыгереева, Ескендір Хасанғалиев, Жүрсін Ерман, Қабдеш Жұмаділов, Зарема Қастеева сынды қоғам және өнер қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова  қатысты.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орайластырылған шара Студенттер сарайында өткен мерейтойлық концертпен ұласты.

в

Салтанатты жиында сөз алған Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев атаулы күндерге арналған мерекелік шараларының Алматы қаласында басталуының да өзіндік сыры бар екенін айтты.

– Себебі, еліміздегі ең басты оқу ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Фараби мұраларын жүйелі зерттейтін іргелі ғылыми орталық – Ұлттық Академия да Алматы қаласында қоныс тепкен. Оған әл-Фараби кітапханасы мен Фараби орталығын қосыңыз. Осы орайда, сіздерге сүйікті қаламызға қош келдіңіздер дей отырып, бүгінгі айтулы шара – әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ресми ашылуымен баршаңызды құттықтаймын!

Әл-Фараби айтып кеткен ізгі армандарды жүзеге асыру, сол межеге ұмтылу – дүниежүзіндегі барлық қауымдардың түпкі мақсаты. Осы орайда, Алматы қаласының дамуына қатысты бекітілген бағдарламаға Сіздердің де назарларыңызды аударғым келеді, деген қала әкімі Алматы қаласы өзінің даму жолын 7 стратегиялық бағытта жүргізуді көздеп отырғанын атап өтті.

– Біздің пайымымыз бойынша болашақ Алматы бұл:

1) Шеті жоқ қала;

2) «Ақылды қала;

3) Тең мүмкіндіктер қаласы;

4) Қауіпсіз қала;

5) Жасыл қала;

6) Жаһандық іскерлік орталық;

7) Мәдени креативті қала.

Байқасаңыздар, біздің ұстанып отырған бұл мақсаттар әл-Фараби мұрат еткен «қайырымды қала» тұрғызу қадамдарымен ұштасып жатыр, – деді Бақытжан Сағынтаев.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Әбу Насыр әл-Фараби

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір