• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:00:12
Алматы
+12°

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешовпен кездесті. Кездесу барысында Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті және елдің қорғанысын қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестірудегі маңызды рөлін атап өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі elbasy.kz сайтының дерегін негізге алып. 

– Қауіпсіздік кеңесі – ең алдымен, ішкі және сыртқы қауіпсіздік мәселелерін талдап, ұсынатын өте маңызды мемлекеттік орган. Мұнда құқық қорғау органдарының жұмысы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шет елдермен қарым-қатынас және қорғаныс қабілеттері туралы сұрақтар кіреді. Сонымен қатар құқық қорғау жүйесін реформалауға назар аударып, оны соңына дейін жеткізу керек, – деді Назарбаев. 

Өз кезегінде Исекешев елдегі ағымдағы жағдай туралы баяндап, 2020 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы ақпарат берді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір