• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:16:15
Алматы
+12°

31 қаңтарда Мәскеудегі Таган сотында қазақстандық "БТА Банк" директорлар кеңесінің экс-төрағасы Мұхтар Әблязов бақылауындағы ұйымнан 58 миллиардтан аса рубль жымқырғаны үшін қылмыстық істің тыңдалымдары басталады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі rapsinews.ru сайтының дерегін негізге алып. 

Жұма күні адвокаттың келмеуіне байланысты қылмыстық істі қарай алмады. 

Бұл істе сол банктің бұрынғы төрағасы Роман Солодченко және басқа да бұрынғы қызметкерлер: Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Эрешенко және Александр Удовенко бар.

Қылмыстық істің фигуранттары Еуропада жүр және оларды алуға тек Ресей ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Украина да үміткер. Мәскеу соты істі сырттай қарайды.

Тергеушілер Әблязов "Ресей Федерациясының аумағында орналасқан, қазақстандық банктің аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жүйелі түрде ұрлауға мүмкіндік беретін, ауқымды инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бірнеше күрделі және шатастырылған схемаларын әзірледі" деп есептейді.

Сот ісі 400-ге жуық томнан тұрады. Әблязов аса ірі мөлшердегі алаяқтықтың тоғыз эпизоды бойынша айыпталады. Үшеуі қылмыстық жолмен келген мүлікті заңдастыру, қылмыс жасау, өкілеттіктерді теріс пайдалану және ұйымдасқан топтың алдау жолымен аса ірі залал келтіру нәтижесінде алынған мүлікті жария етудің үш эпизоды бойынша айыпталуда. Ұйымдасқан қылмыстық топтың алдау жолымен өкілеттігін теріс пайдалану және аса ірі залал келтіру.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір