14 Қаңтар, 2020 NEWS
alaraby.co.uk
"Иран Ислам мемлекетінің дауысы" (IRIB) атты мемлекеттік телерадиокомпаниясының журналистері өз еркімен жұмыстан шығуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Guardian сайтының дерегін негізге алып. Журналистердің жұмыстан кетуіне Иранның украиналық ұшақты абайсызда атып түсіргені себеп болған.
Джеларе Джаббари есімді журналист халықтан кешірім сұрап, өз еркімен жұмыстан кеткен.
"Мен халқымызды өлтірді дегенге ұзақ уақыт бойы сене алмай жүрдім. Бұл қиынға соқты. Мен мұны кеш түсіндім. Мені кешіріңіздер. Сондай-ақ 13 жыл бойы алдағаным үшін де басымды иіп кешірім сұраймын", - деді ирандық журналист.
Сонымен қатар, ДЖеларе Джаббариден бөлек тағы 2 журналист халықтан кешірім сұрады.
"Маған сенім артқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Мен енді телевидениеге қайта оралмаймын. Ешқашан! Мені кешіріңіздер" , - IRIB журналисі Захра Хатами.
"Журналистік тәжірибем кезінде қолдау білдіріп, сенім артқандарыңыз үшін рақмет. Мен радио және телевизиядағы 21 жылдық тәжірибем бола тұра, өз жұмысымды жалғастыра алмайтынымды мәлімдеймін. Менің қолымнан келмейді" , - деп мәлімдеді Саба Радь.
Мемлекеттік телерадиокомпанияларындағы журналистердің бұл мәлімдемелері Иран шенеуніктерінің әуелі Boeing 737 Украинаның халықаралық әуе жолдарының апатына қатысуын жоққа шығарумен байланысты. Тіпті осы оқиғадан кейін халық та наразылық білдіріп, көшеге шығып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір