• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:00:42
+12°

14 Қаңтар, 2020 Саясат

Бәрекелді: "Егер көше атаулары өзгеретін болса, бұдан да көп соманы төлеуге дайынмын" (видео)

Қарағандыда советтік ескі атауы өзгермеген көше аттарын ауыстыру бойынша қоғамдық тыңдау өтті деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі

Фото: ашық ақпарат көздерінен

Бұндай маңызды жиынға шаһардағы Достық үйі таңдалған. Мыңнан астам адам қатысқан талқылауда залға сыймағандар көрші бөлмеде отыруға мәжбүр болды. Тиісінше, жиналғандардың осы бөлігі кездесу барысын  видеобайланыс арқылы көруге мүмкіндік алды.

Әдеттегідей полиция қызметкерлері де халық "жанынан" табылды. аталған сарайдың іші-сыртын түгел бақылауда ұстады.

Ең кереметі сол,10 көшенің атауын өзгертуді жиылған жұрт қуана қолдады. Оның ішінде көмірлі қаладағы Ленин даңғылының атын Абай есімімен атау жайлы ұсыныс басты назарға алынған. Дауыс беру кезінде халық "Ленин керек емес, Абай көшесі деп аталсын" деп айқайлап өз ойларын ашық жеткізді. 

"Ашық жеткізді" демекші, пікір тыңдау барысында «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дегендей бірен-саран қарсы уәж айтқандар да болды. Көбіне олардың дауысы қала тұрғындарының көше атауларын ауыстыруды қолдаған эмицияға толы ысқырығы мен айғайынан естілген жоқ.

Соның ішінде Ержан Рыспаев есімді қала тұрғыныны: «Қаншама қаражатты босқа көше атын өзгертуге жұмсағанша, аялдамаларды жөндеп жолдың сапасын жақсартпайсыңдар ма?», – деп пікір білдірді. Сонымен бірге, көше бойындағы атаулар жазылған тақтайшаларды ауыстыру құны да наразы екі-үшеуді қатты "уайымдатқан".   

Ұсынысты қызу қолдаған тұрғындар пікіріне сүйенсек, мұндай қарсы ой бұған дейін де айтылып келген. Бұл – қала көшелеріндегі мағыналық құны қалмаған ескі атаулары сақтап қалудың үйреншікті амалы болатын.

Алайда, дәл осындай кілтең тұста жергілікті кәсіпкер – «Нәтиже» компаниясының басшысы Ерлан Әшім сөз алып, шаһардағы 10 көшенің атауын ауыстыруға жұмсалатын шығынды бір өзі-ақ төлеп беретінін жеткізді. 

"Сіздер салық туралы айтып жатырсыздар. Мен кәсіпкер ретінде республикалық бюджетке жыл сайын 250 - 300 миллион теңге, ал облыстық бюджетке 500 миллион теңге салық төлеймін. Егер көше атаулары өзгеретін болса бұдан да көп соманы төлеуге дайынмын. Көше бойындағы тақтайшаларды ауыстыру шығынын өзім-ақ көтеріп аламын" – дейді ол. 

Осылайша, осыған дейін әркез "финалда" көше атын ауыстырудағы шығынды көлденең тартатын топтың аузына біржолата құм құйылды. 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір