• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 07:22:22
Алматы
+12°

13 Қаңтар, 2020 NEWS

«Құлыннан бұлшық ет талшық үлгілерін аламыз»: ресейлік ғалымдар жылқы етін қолдан жасамақшы

Иә, Қазан ғалымдары жасанды жылқы етін өндірмекші. Тіпті, ең алғашқы өндірілген жасушаның килограмы $1 млн-ға бағаланған.

фото: ашық ақпарат көздерінен

Бұл туралы «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі «Қазақпарат» дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

Татарстандық ғалымдардың айтуынша, төрт түлік малдың ішінде Қамбар Ата түлігінің етін таңдауға осы азық түрін сүйіп жейтін татар халқының дәстүрі себеп болған.

«Ет жасау үшін биопсия көмегімен құлыннан бұлшық ет ұлпасының үлгілерін аламыз. Өйткені құлынның етінде бізге қажет бағаналық жасуша көп. Сосын биологиялық материалды арнайы инкубаторға саламыз. Бұл техника дұрыс температуралық режим мен атмосфера құрамын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жасушалардың өсуіне қажетті тағамдық заттарды жеткізеді», – дейді ArtMeat компаниясының бас директоры Асқар Латышев.

Ал 3D Bioprinting Solutions компаниясы құрылтайшыларының басқарушы серіктесі Юсеф Хесуанидің пікірінше, келешекте күнделікті тұтынуға арналған арзан ет өндіруге мүмкіндік бар. Уақыты келгенде еттің бұл түрі қымбат ресторан мен дүкендерде пайда болуы мүмкін.

«2014 жылы өсірілген жасушаның килограмы $1 млн болса, қазір ол $1,5 мыңға дейін түсті. Бірақ бұл өнім ресторанға дейін жетуі үшін оны тағы 100 есе арзандату керек, яғни $15 дейін. Менің ойымша, бұл әбден мүмкін», – дейді Юсеф Хесуани.

Сонымен бірге, ғалымдар жасанды жылқы етін өндірудегі артықшылықтарды да атап өткен. Мәселен, олар мұндай дайын өнім алу үшін антибиоток және басқа да адам денсаулығына зиян препараттар қолданылмайтынын, тіпті, вирустар мен бактериялардан қорғалып, құнары сақталып өсірілетінін айтады.

Нәтижесінде, қолдан жасалған ет пен кәдімгі жылқы етінің дәмінде айырмашылық болмайды дейді олар.

Атап өтерлігі, ArtMeat өсірген алғашқы фарш шамамен үш жылдан кейін дайын болмақ. Қазір әлемде ет өсіру технологиясын дамытып жатқан 30-ға жуық жоба бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір