• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:55:40
Алматы
+12°
Қазақстанда 100 мыңнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалануға ниетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, арнайы жұмыс тобы құрылып оның құрамына белгілі ғалымдар, сарапшылар және т.б. енгізілген.

"Біз халықаралық тәжірибені зерттеп, зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты Президент әкімшілігіне ұсыныстар енгіздік. Мен барлығы жинақталған сомаға байланысты болатынын атап өткім келеді",  – деді ол.

Сапарбаев бүгінгі таңда қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жыл екенін айтты.

"Зейнетақы қорында шоттары бар қазақстандықтардың жартысына жуығында – 1 млн теңгеден артық емес. Ал жеткілікті сома – шамамен 10 млн теңгеден 12 млн теңгеге дейін. Мұндай соммамен бізде 102 мың адам ғана бар", – деп нақтылады ол.

Сапарбаев атап өткендей, дәл осы адамдар тұрғын үй қорын пайдалануға немесе емделуге рұқсат бергісі келеді.

"Мәселе біздің кепілді міндетті медициналық көмек көрсету немесе МӘМС желісі бойынша көзделмеген емдеу түрлері туралы болып отыр. Бұл ұсыныс әзірше Президент әкімшілігінде шешім тапқан жоқ. Қандай шешім қабылданғаны туралы біз сіздерге хабарлайтын боламыз", – деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары.

Тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы ақшасын пайдалану жөніндегі ұсыныстар жақын арада президенттің қарауына енгізетін болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: зейнетақы жинағы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір