• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:36:41
Алматы
+12°

Қайтыс болған қазақстандық студент Канадада жерленді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі CTV News сайтының дерегін негізге алып. Centennial коледжі Дамир Құсайн атындағы стипендия тағайындады.

Студенттің анасы мен туыстары, колледж әкімшілігі марқұммен қоштасып, 4 қаңтарда жерлеу рәсімін өткізді. Марқұмның анасы Дамирдің музыканы жақсы көргенін, ағылшын тілінде өлең жазғанын және Канада азаматы болуды армандағанын айтты. 

еурые

"Ол Канадада оқимын деген бала кездегі арманын орындады. Мен ұзақ уақыт бойы сенгім келмеді. Маған қателесін хабарласқан шығар деп ойладым, солай болғанын қаладым. Ұлымнан айырылғаным туралы ойлағым да келмеді. Келесі күні мені 31 желтоқсанға дейін ауруханаға жатқызды. Себебі ұлымның қайтыс болғанын естігенде стресстен орынымнан қозғала алмай қалдым", - деді жерлеу рәсімінде Дамирдің анасы. 

Кейін анасы Дамирді өзі армандаған елге жерлегенді жөн деп шешкен. 

Centennial Place жатақханасының директоры Мэтью Флеминг Дамир Құсайнның түрлі іс-шараларға белсенді қатысқан студент ретінде танитынын айтты. 

"Ол өзінің айналасындағы адамдарға "жан дүниең көркем" деп айтатыны есімде. Бірақ шын мәнінде ең мейрімді жүректің иесі Дамир болатын. Оның жан дүниесі таза еді. Ол жанашыр, жүрегі нәзік әрі ұқыпты студент болатын. Дамир бәріне бірдей адал, жанашыр дос бола білді. Мен оны сағынатын боламын", - деді Мэтью Флеминг. 

Сондай-ақ ол робототехникада оқитын, ең жоғары орташа балл алған студентке 500 доллар көлеміндегі Дамир Құсайн атындағы стипендия тағайындалатынын айтты. 

Еске салсақ, 22 желтоқсанда кешкісін Канадада көлік жүргізуші Торонтодан Скарборо аймағында Қазақстан студентін қағып кетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір