• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:24:15
Алматы
+12°

Әділет министрлігі Bek Air әуе компаниясының жетекшілері туралы ақпаратпен бөлісті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып.

Министрлік таратқан ақпаратқа сай, BEK AIR ЖШС 2011 жылғы 12 мамырда тіркелген. Жетекшісі – Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы – Жарқымбаев Сәкен Тоқпайұлы. 2017 жылғы 18 сәуірде құрылтайшылықтың Шүленбаев Дамир Маратұлына ауысуына байланысты қайта тіркеуден өткен.

Компания жұмыс істегелі үш жетекші ауысқан: 2013 жылғы 29 шілдеде – Жұмасұлтанова Айгүл Файзуллақызы, 2016 жылғы 18 шілдеде – Жұмасұлтанова Дина Нұрланқызы, 2019 жылғы 25 сәуірде – Бияхметов Рустам Илиясұлы жетекшілікке келген.

Бұған дейін, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев  Bek Air компаниясының құрылтайшысы Нұрлан Жұмасұлтанов екенін айтқан. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Bek Air

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір