• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:15:13
Алматы
+12°

30 Желтоқсан, 2019 NEWS

«Курткасын кигізетін малайы бар екен»: Шымкент қаласының әкімі Айтаханов дауға қалды

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың ерсі әрекеті көпшілік тарапынан сынға ұшырады.

Ашық ақпарат көздерінен

Бұл туралы Тоғас Байжігіт есімді «Фейсбук» желісін қолданушы мәлімдеді деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат агентігі.

Желі қолданушысына Шымкент әкімінің өз киімін өзі кие алмағаны ұнамаған.

«21 ғасыр, өркениеттілікке талпынған елміз, мың рет өзгертілген конституциямыз бойынша да ... Шымқаланың әкімі Айтахановтың курткасын кигізетін малайы бар екен... Әйел адамға пальтосын киюге көмектессе түсінетін едім, мәдениеттілік, джентельмен деп, ал, мынау не , публично???» – дейді ол.

Осылайша, Ерлан Айтахановтың кездейсоқ әрекеті жұрттың ашу-ызасын туғызған. Олардың бірі: «Өкінішке қарай, құлдық санадан алдарына жан салмайды, әсіресе өзіміздің қазақы аймақтар... Оңбайды бұлар» десе, келесі бірі: «Өзі де осылай бастаған, ертең ана бала да әкім болып шыға келеді! Шығыста да солай болған!!!» деп пікір қалдырған.

Ал тағы бір желі қолданушысы: «Біздегі аудан əкімдері өздерін сол жердің ханы сияқты сезінеді ғой. Өздерінің президенттің жергілікті жердегі өкілі екенін ұмытып кетеді» дейді.

Айналасы, қысқа ғана уақыттың ішінде шу тудырған жазбаға Шымкент қаласының әкімін жақтап оң пікір қалдырғандар да бар. Олардың ішінде киімін кигізіп жатқан «інісі болар» деп түсіністікпен қарауды сұрағандар көп.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір