• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қараша, 16:59:57
Алматы
+12°

30 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

https://qamshy.kz/

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ұшақ апатынан зардап шеккендерге өтемақының қалай төленетіні туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

–Өтемақы ұшақ апатынан қайтыс болған азаматтарға ғана төленеді. Ал оқиға сол аймақта болғандықтан зардап шеккендер мен жарақат алғандарға көмек беруді жергілікті билік атап айтқанда, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімшілігі шешеді. Ал үкіметтік деңгейдегі өтемақы тек апаттан қайтыс болғандарға ғана беріледі. Ал бұл өтемақыны беру тетігі қалай жүзеге асады? Ұшақ апатынан қаза тапқандарға берілетін өтемақы алдымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі. Одан кейін министрлік қаза тапқан отбасылардың жеке есепшотына қаржыны жақын уақытта аударарыды, –деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.  

Ескерте кетейік, 27 желтоқсан күні таңертең Алматы әуежайы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Ресми орындардың дерегін негізге алған бірқатар БАҚ бастапқыда 15 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді. Кейінірек премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ұшақ апатынан 12 адамның қаза болғанын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ұшақ апаты өтемақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір