• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:39:47
Алматы
+12°

26 Желтоқсан, 2019 NEWS

Жаңа заң: мал ұрлығына жаза күшеймек

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары қылмыстық кодекс жобасын екі оқылымда қарап, мақұлдады. Онда аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып ұрлық жасаса, 12 жыл бас бостандығынан айыруға дейін көзделгені айтылды.

osken-onir.kz

 

Бұл туралы екі оқылымда мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қарастырылды деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі.  

Мал ұрлығына қатысты заңның қатайғаны соншалық,  талқыға түскен қылмыстық кодекс жобасында мал ұрлығы деген жеке бап енгізілмек. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, қазір аталған ұрлық түрі кәсіпке айналуда.

«Біріншіден, мал ұрлығы деген жеке бап енгізілмек. Ол қылмыс үшін басқа ұрлық түрлеріне қарағанда жаза қатал болмақ. Жалпы, бұл норманың маңызы зор. Төрт түлікке қол сұғу – ауыл адамын күнкөріс көзінен айырумен бірдей. Осыған тосқауыл керек. Қазір мал ұрлау кәсіпке айналған», – деді Марат Ахметжанов.

Осы ретте, бас прокурордың орынбасары бұл санатта теріс қылық пен орташа ауыр қылмыс деген болмайтынын да атап өтті. Мәселен, заң жобасында жай құрам үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру ескерілсе, егер топ болып алдын ала сөз байласып, ірі мөлшерде ұрлық жасаса – 7 жылға дейін сотталады. Ал бірнеше рет мал қораға, қоймаға бұзып кіргені үшін – 10 жыл. Аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып ұрлық жасаса, 12 жыл бас бостандығынан айыру көзделген.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қылмысқа қарсы күресті күшейтуді тапсырған болатын. Әсіресе, адам өлтіру, зорлау, педофилия, мар ұрлығы, браконьерлік, есірткі таратуға, мас күйінде көлік басқаруға жазаны қатайту жөнінде айтқан.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір