24 Желтоқсан, 2019 NEWS
globalnews.ca
Канаданың Торонто қаласында болған оқыс оқиғадан екі оқушы қаза тауып, біреуі жарақат алды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі Қазақстандық. Сондай-ақ 3 азамат та Торонто қаласындағы Centennial College-де оқыған.
"Жол апатынан зардап шеккендердің барлығы шетелдік студенттер. Олар демалыс кезінде "Пргресс" компусында болған", - деп мәлімдеді Centennial College-нің вице-президенті Мэрилин Хери.
Жол апатынан зардап шеккендердің екеуі Қытайдан келген ағайынды екені белгілі болды. Үшіншісі – 19 жастағы қазақстандық Дамир Құсайын.
Қазақстандық пен қытайлық қаза тапты. 20 жастағы тағы бір қытай азаматы ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тым ауыр.
Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша, студенттерді жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен. Көлік жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүргендіктен, көлікті басқара алмай қалған. 40 жастағы азамат ұсталды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір