• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:02:44
Алматы
+12°

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин  келесі жекпе-жегін 2020 жылдың наурыз айында өткізеді деп хабарлады vesti.kz. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Херн мәлімдеді. Ол осы жылдан бастап GGG-мен жұмыс істейді.

Оның айтуынша, Головкиннің ең мықты қарсыласы - поляк ұлтының өкілі, Камиль Шеремет. Олардың жекпе-жегінің өтуіне Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рұқсат берді.

«Головкиннің Шереметамен 28 наурызда кездесу ықтималдығы жоғары», - деді Хирн Bokser.org-ке сілтеме жасап.

Самал Қожамжарова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір