• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:53:52
Алматы
+12°

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаладағы жалақының қымбаттауына қатысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол 70 теңге Қазақстандағы ең арзан жолақы екенін айтты. Сондай-ақ ол егер бағаны көтермесек, жүргізушілер жұмысқа шықпайды, салдарынан жергілікті тұрғындар қоғамдық көліксіз қалады дейді.

"Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары! Ең өзекті мәселелердің бірі - баспана болса, енді бірі - қоғамдық көлік мәселесі. Сіздерге түсініктеме беруім қажет деп ойлаймын. Бүгінге дейін тұрғындар тарапынан тасымалдаушы компания жұмысына көптеген арыз-шағым түсті. Бұл саладағы монополист жұмысы сапасына көңілі толмайды. Жұмыс сапасын жақсарту үшін Түркістан қаласы бойынша жұмыс атқарушы көлік компания өкілі қала әкімдігінен жол ақысын 70 теңгеге көтеруді талап етуде. Мұның ең басты себебі - неше жылдан бері баға еш өзгермеген, еліміздегі ең арзан жол ақысы болып табылады. Кесіп, "жоқ" дер болсақ, көлік тоқтап, тұрғындардың қыста қиналу қауіпі бар. Бұған қоса, ол жерде жұмыс істеп жүрген, жұмыссызсыз қалу қаупіне ұшырайтын жүргізушілер де өзіміздің жерлестер. Жаңартылған келісім-шартты қолдауға даяр екенімізді білдірдік. Бірақ, халықтың сөзін ескере отырып, 10 талап қойдық. Осы талаптарды орындауға келіскен компаниямен ғана жұмыс істейтін боламыз", - деп жазған қала басшысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір